Жапонияда қар борап тұр

None
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапонияның басты аралы Хонсюдың оңтүстік-батысында рекордтық мөлшерде қар жауды.

Бүгін таңертең Хиросима префектурасының кейбір аудандарында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті. Мұндай орасан қар бұл жерде алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Утро.ру.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар кешігіп келіп жатыр. Учаскелердің бірінде көп жауған қардың салдарынан Токионы Нагоя деп аталатын өнеркәсіптік қаламен жалғастыратын жүрдек автокөлік жолы жабылды.