Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін, жұма күні Жапонияда қатты жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері Токиода сезілді - ғимараттардың ішінде жиһаздар құлап, терезе шынылары қатты дірілдеді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Телеарналар цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,9 балды құраған. Ал зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге мәлімет жоқ.