Жапонияда қайта іске қосылған АЭС электр энергиясын шығара бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кагосима префектурасында Жапония АЭС-ның осы аптада іске қосылған «Сэндай» бірінші энергиялық блогы электр энергиясын шығара бастады. Бұл туралы Kyushu Electric Power оператор компаниясы хабарлады.

11 тамыз күні Жапонияда екі жылдың ішінде алғаш рет ұлттық АЭС өз жұмысын жаңғыртты. Бұл 2013 жылы елдегі атом нысандары қауіпсіздігінің қатаң тәртіптерін енгізуден кейін стансаның бірінші рет қайта іске қосылуы.

2011 жылы «Фукусима-1» АЭС-да болған оқиғадан осы күнге дейін Жапониядағы барлық 48 коммерциялық атом реакторы тоқтап қалған. Оператор компаниясы АЭС-ын қайта іске қосу рұқсатын өткен жылдың жаз айында алған, бірақ оны жергілікті тұрғындар және билік көздерімен келісу үшін бір жылдай уақыт кеткен.