11 тамыз күні Жапонияда екі жылдың ішінде алғаш рет ұлттық АЭС өз жұмысын жаңғыртты. Бұл 2013 жылы елдегі атом нысандары қауіпсіздігінің қатаң тәртіптерін енгізуден кейін стансаның бірінші рет қайта іске қосылуы.
2011 жылы «Фукусима-1» АЭС-да болған оқиғадан осы күнге дейін Жапониядағы барлық 48 коммерциялық атом реакторы тоқтап қалған. Оператор компаниясы АЭС-ын қайта іске қосу рұқсатын өткен жылдың жаз айында алған, бірақ оны жергілікті тұрғындар және билік көздерімен келісу үшін бір жылдай уақыт кеткен.