Жапонияда қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 13 мыңға жақындады

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияда жойқын зілзаланың салдарынан қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 13 мың адамға жақындады.

Бұл туралы елдің ұлттық полиция агенттігіне сілтеме жасап «Маяк» радиосы хабарлап отыр.

Полиция ведомствосының дерегі бойынша, осы уақытқа дейін 4300-ден астам адамның қаза тапқан. Ал із-түзсіз жоғалып кеткендердің саны 8,5 мыңнан асады.

Ведомство сондай-ақ апат салдарынан келген шығын туралы ақпаратты да жариялап отыр. Атап айтқанда, 3,5 мыңнан астам үй толық қираса, 70 мыңдай ғимарат жартылай зақымданған.