Бүгін елдің Бас полицейлік басқармасы осындай нақты деректер келтірді, хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Олардың соңғы дерегі бойынша, сұрапыл апат 10 489 адамның өмірін қиған. 2 777 адам жарақат алса, тағы 16 489-ы із-түссіз жоғалып кеткен. Хонсю аралының бірқатар аудандарында 19 мың ғимараттың тас-талқаны шықты, 200-ге жуық иеліктегі үйлер толығымен жанып кеткен. 2 мыңнан астам жол төсемдерінің телімдері қатты зақымданды.