Жапонияда КХДР-дың зымыран ұшыруы жайында ақпарат жинау үшін дағдарыс орталығы құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кеңсесінің жанында дағдарыс орталығы құрылды. Бұл туралы ел үкіметі жариялады, деп хабарлады ТАСС.

 «Премьер Абэ барлық тиісті ведомстволарға ақпарат жинау және талдау бойынша  өкім берді», - делінген үкіметтің хабарламасында.

Бұдан бұрын КХДР кезекті рет зымыран ұшырды. Алайда, АҚШ ӘК деректеріне сәйкес ұшырылым сәтсіз аяқталған - зымыран көтеріле бере бірден жарылған. Оны іске қосу шешімі сенбіде КХДР халықтық республикасының алғашқы және «мәңгілік» президенті Ким Ир Сеннің 105 жылдығын атап өту аясында қабылданған.

Сондай-ақ, Пхеньянда ауқымды әскери шеру өтті, оның барысында алғаш рет сүңгуір қайықтың баллистикалық зымыраны көрсетілген.