Жапонияда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Фото: None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда бейсенбі күні 600-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл – елдегі соңғы үш айдағы ең көп көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Kyodo агенттігінің мәлімдеуінше, ел астанасы тек Токионың өзінде бір күнде –рекорд 286 жағдай тіркелген. Бұл мамыр айында төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін індеттің қайта өрши бастағанын көрсетеді. Жапонияда пандемия кезінде жалпы 23 600 коронавирус жұқтыруға қатысты жағдай тіркелген.

Қазір Токиода коронавирус жұқтырғандар саны 8 640 адамға жетті. Токио губернаторы Юрико Койкенің түсіндіруінше коронавирустың астанада тез көбейіп кетуіне күн сайын 4 мыңнан астам тест жасала бастауы себепші болған.

Токионы қоршап тұрған үш префектура - Чиба, Канагава, Сайтама сонымен қатар Осака префектурасында соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырушылардың рекорд саны тіркелген. Бұл елде 25 мамырда төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін алғаш болып отыр. Осакада 66 адам коронавирус жұқтырса, Сайтамда – 49, Канагавта 48, Чибада 32 науқас тіркелген.

«Біз Токиода вирус жұқтырғандардың орта жастағы адамдар арасында көбейіп кетуіне алаңдап отырмыз», - деді індетке қарсы шараларды әзірлеуге жауапты министр Ясутоши Нисимура. Оның айтуынша, үкімет қайтадан төтенше жағдай жарияламас бұрын жағдайдың беталысын жіті қадағалап отырмақ.

Сәрсенбі Токио билігі COVID-19-ды жаңадан жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты төрт деңгейлі дабылдың ең жоғарғысын жариялады. Қала тұрғындарына аса маңызды емес басқа өңірлерге сапарынан бас тарту, түнгі клуб пен мейрамханаларға бармау ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар