Пандемия басталғалы жағдайыр ауыр науқастар осыншама көлемде көп тіркелген емес. Бір тәулік ауыр науқастар саны 74 адамға артты. Коронавирустың таралуына байланысты соңғы апталарда жағдай айтарлықтай нашарлаған. Елде пандемия басталғалы вирус жұқтырғандар 1 миллион адамнан асып кетті. Ел астанасы Токиода 12 шілде мен 31 тамыз аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Үндістанда соңғы 40 сағат ішінде коронавирусты жұқтырудың 120 жаңа жағдайы және 585 өлім тіркелді. Індет тарағалы ауырғандардың жалпы саны 32 117 826-нықұрап отыр, ал қайтыс болғандар саны 430 254 адам. Бірақ, бұған дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда Үкімет COVID-19 жұқтыру деңгейінің төмендегенін айтады.