Жапонияда көшкін жүріп, 20 адам із-түзсіз жоғалды

ТОКИО. ҚазАқпарат – Сенбі күні Жапонияның Сидзуока префектурасындағы Атами қаласында көшкін жүріп, 20-ға жуық адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді. Жергілікті билік Өзін-өзі қорғау күштерінен көмек сұрады.

Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күн бойы нөсер жауын тоқтаусыз жауып жатыр. Өткен екі тәулікте елдің жекелеген аудандарында 400-ден 600 мм дейін жауын-шашын жауған.