Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-шығысында күші 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жапа шеккендер жайлы хабар таратылмады.

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметінше, цунами қаупі төнбеген.

Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитында, Мияги префектурасы жағалауының маңында мұхиттың 40 км тереңдігінде болған.

Жер асты дүмпуін Жапонияның жеті префектурасының тұрғындары сезген.