Жергілікті БАҚ хабарлағандай, күннің ыстығынан қаза тапқан бір әйелдің денесі жылыжайдан табылған. Екінші әйел де бақтағы жұмыстарымен айналысып жүрген уақытта қайтыс болған. Дәрігерлер қос азаматшаның да өліміне ыстық күн райы себеп болған дейді.
Ал, жедел түрде дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ауруханаға түскендердің саны 35-ке жеткен. Бұл жайлы ақпараттар, негізінен, Токиодан келіп түсіп жатыр.