Вирустың таралуының алдын алу үшін провинция билігі 73 мың тауықтың көзін жою туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ құс фабрикалары аумағында карантин жарияланып, жануарлар өнімін 3 шақырымнан алыс қашықтыққа тасымалдауға тыйым салынған. Қазіргі кезде префектура жолдарында дезинфекциялау шаралары жүргізілуде. Бұдан бұрын Американың Вашингтон штатындағы жеке меншік фермада құс тұмауы вирусы анықталған болатын.
19:49, 18 Қаңтар 2015
Жапонияда құс тұмауы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Сага префектурасының екі құс фабрикасында құс тұмауы анықталды. Бұл туралы аталмыш префектураның сайтында хабарланған деп жазады шетелдік БАҚ.