Бұл туралы жапондық БАҚ хабарлады.
Қауіпті вирус Тараги қаласындағы құс фабрикасының бірінде анықталған. Ферма қызметкерлері онда 200 өлі құсты тапты. Ветеринарлық тексеру тауықтардың құс тұмауы індетінен өлгендерін көрсетті. Осыдан кейін префектура билігі індет шыққан жерді үш шақырымдай қоршап, карантиндік аумақ деп жариялады. Фабрикадан өнімдер шығаруға тыйым салынды.