Жапонияда күші 5.1. балдық жер сілкінісі болды
11:03, 31 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапонияда күші 5.1. балдық жер сілікнісі болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы Такахаги қаласынан солтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде,
Токиодан солтүстікке қарай 146 шақырым қашықтықта орналасқан, деп мәлім етті АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінен.
Жер сілкінісінің ошағы 9,9 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлады РБК.
2011 жылдың наурыз айында Жапонияда магнитудасы 9.0. жер сілкінісі болып, салдарынан теңіз жағалауында ірі цунами тұрған болатын. Онда дүлей апаттан 20 мыңға жуық адам қаза тапқан еді.