Жапонияда күші 6,4 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Жапонияда күші Рихтер бағамы бойынша 6,4 балдық жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің ақпараты бойынша,

зілзала кіндігі  Токионың  оңтүстік-батысында 170 шақырым  жерде, Хонсю аралы  жағалауынан  30 шақырымдай   қашықтықта  және  26,8  шақырым тереңдікте    орын  алған,  деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Қираулар  мен    зардап  шеккендер туралы    әзірге ешқандай ақпарат түскен жоқ.