Өңірдің кейбір ауданындағы жауын-шашынның мөлшері 350 миллиметрге жеткен. Біраз үй көлкіген су астында қалып, жолдарды да шайып кеткен.
Бұған дейін осы күншығыс елінің Кюсю аралында толассыз жауған нөсерден кейінгі тасқын мен лай көшкіні 34 адамның өмірін жалмаған болатын. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен 10 тұрғын әлі табылған жоқ.
07:01, 25 Шілде 2017
Жапонияда лай көшкінінен 34 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі Акита префектурасындағы 25 мың тұрғынды шұғыл көшіру керек деп шешті. Өйткені лай көшкіні жүруі мүмкін деген қауіп бар, деп хабарла йды newshappens.ru.