Бұған дейін 36 адам мерт болғаны айтылған болатын. Қаза тапқандар ішінде екі жасар бала мен 11, 16 жас аралығындағы жасөспірімдер бар. 7 адам із түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.
Аймақтағы өрт сөндіру қызметінің мәліметіне сүйенсек, лай көшкінінен оннан аса тұрғын үй қираған. 65 мың адам эвакуацияланды. 1 400 тұрғын үй электр жарығынсыз қалып отыр.