Жапонияда лай көшу қаупіне байланысты 25 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі Акита префектурасындағы 25 мың тұрғынды шұғыл көшіретіні жөнінде шешісм қабылдад. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Өйткені лай көшкіні жүруі мүмкін деген қауіп бар. Өңірдің кейбір ауданындағы жауын-шашынның мөлшері 350 миллиметрге жеткен. Біраз үй көлкіген су астында қалып, жолдарды да шайып кеткен.

 Бұған дейін осы күншығыс елінің Кюсю аралында толассыз жауған нөсерден кейінгі тасқын мен лай көшкіні 34 адамның өмірін жалмаған болатын. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен 10 тұрғын әлі табылған жоқ.