Жер сілкінісінің эпицентрі Жапонияның негізгі аралының орталығындағы Фукусимо префектурасында, ал зілзала ошағы 20 шақырым тереңдікте байқалған.
Ұлттық метеорологиялық агенттік цунами болады деп жариялағанымен, арада біраз уақыт өткенде ескертуді алып тастады. Зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат әзірге жоқ.
Жапония архипелагы төрт тектоникалық плитаның түйіскен жеріне орналасқан, сондықтан да мұнда жыл сайын жердің сілкінуінің магнитудалық қуаты 6,0 балл болатын, тіркелген жер сілкінісінің 20 пайызы осында болып тұрады.