Жапонияда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Жапонияның шығыс жағалауында дүйсенбі күні магнитудасы 5,5 балдық қуатты жер сілкінісі болды.

ВВС Орыс қызметі NHK ұлттық телеарнасына сілтеме жасап хабарлағандай, кіндігі Хонсю аралындағы Иваки қаласынан солтүстік-шығысқа қарай, Фукусима префектурасында орналасқан жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 11.45-те (Мәскеу уақытымен 06.45) тіркелді.

Жер сілкінісі Токиода да сезілді. NHK телеарнасының дерегіне қарағанда, жерасты дүмпуінің «Фукусима-1» АЭС-дағы апатты жұмыстарға ешқандай ықпалы болмған.
Құрбандар, қирандылар немесе цунами қаупі туралы ақпарат жоқ.