09:02, 17 Сәуір 2009
Жапонияда майысқақ телефон жасалды
ТОКИО. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Жапондық Kyocera компаниясы икемді полимерлі материалдан жасалған, бұрынғы телефондардың ешқайсысына ұқсамайтын EOS қалта телефонын шығарды.
Көргендердің айтуынша, тері сияқты етіп жасалған жаңа телефонның икемділігі соншалық, оны қалай майыстырсаңыз да болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CyberSecurity.ru сайтына сілтеме жасап. Тағы бір айта кететін жайт, жаңа телефон кинетикалық энергияны электр қуатына айналдырып, сыртқы әсерлерден кернеу ала алады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда телефонды зарядтау үшін оны тек қолыңызға алып, біраз мыжғыласаңыз болды.