Бұл жолы Токио қаласының тұрғыны шағымданған. Бұған дейін дүйсенбі күні Мисава қаласынан да осындай шағым түскен. Осыдан кейін компания өз ішінде тексеру жүргізіп, наггетстердің Тайландтағы зауытта дайындалғанын анықтады. Айта кетерлігі, сол партиямен өндірілген өнімнің 99 пайызы сатылып үлгерген. Яғни, 5 котлеттен тұратын 190 мың орама тұтынушыға жетті. Даудан кейін компания қалған 1 пайызын сатуды тоқтатты.
Бұл Жапониядағы McDonald's-тің алғашқы рет дауға қалып тұрғаны емес. Былтырғы жазда компанияның Қытайдағы өндірушісі мерзімі өтіп кеткен еттен тамақ жеткізіп, мейрамханалардың уақытша тоқтауына себеп болған.