Жапонияда мейрамхана желісі ажал құшқан қызметкердің ата-анасына млн. доллар төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда «Ватами» қоғамдық тамақтану желісі мейрамханадағы шамадан тыс жұмысқа шыдай алмай, өз-өзіне қол салған бойжеткеннің ата-анасына миллион доллар өтемақы төлейтін болып міндеттелді.

Мина Мори жұмыстағы шектен тыс жүктемені көтере алмай, суицид жасаған. Ол түнгі ауысымда 10 сағат еңбек етіп, ал демалыс күндері компанияда оқу оқып және атқарған жұмысы жайлы есеп жазған, деп хабарлады РИА Новости.

Қаза тапқан қыздың ата-анасы келісім жасасуды ұсынған мейрамхана иелеріне қарсы сотқа талапарызбен жүгінген. Оған сәйкес желі қыздың ата-аналасына 134 млн иен төлейді және қызметкерлеріне еңбекті жеңілдету шараларын әзірлейді.