NHK телеарнасының мәліметтерінше, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 16-00-дер шамасында тұтанған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт мұнай құрылғыларына жағылатын арнайы материалдардың жануынан басталған. Алайда, ол әлі ресми расталған жоқ. Жарылыс болғаны туралы немесе оның даусын естігендер туралы хабар түскен жоқ.
Қала билігі зауыттың айналасында тұрып жатқан 2,9 мың адамды қауіпсіз аймаққа көшіруді жөн санап отыр.