Жапонияда мысықтарға кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда мысықтар дәмханасының жұмысын бұзбау үшін, мысықтарға кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Мысықтар үшін жұмыс күні екі сағатқа ұзартылды.

2012 жылдан бері қолданысқа енгізілген ережелер бойынша, зоодүкендердегі жануарларды кешкі сағат 8-ден кейін көрсетуге тыйым салынған, деп хабарлайды Газета.ру. Мысықтар дәмханасының жұмыс сағаттары сарапшылардың түнгі өмірдің мысықтардың денсаулығына әсері тексерілген соң ұзартылған. Зерттеушілер бұл жануарлар күйзелісінің деңгейіне еш әсер етпейтіні туралы қорытынды жасады.

Жапонияда мысықтармен ойнауға болатын мысықтар дәмханалары ерекше танымал. Осыған ұқсас мекемелер бүкіл әлем бойынша ашылып жатыр.