Kyodo агенттігінің дерегі бойынша, 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалған және байланысқа шықпаған. Жергілікті жедел қызмет полициясы елдің өзін-өзі қорғау күштері сарбаздарының қолдауымен іздеу және құтқару операцияларын жүргізіп жатыр.
Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті. Мұншалықты алапат нөсер 1953 жылдан бері байқалмаған болатын. Ол кезде Жапонияның батысындағы Кюсю аралында 759 адам қаза тауып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалған болатын.