Жапонияда нөсер жаңбыр құйып тұр: мыңдаған адам эвакуацияланбақ

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасының билігі аймақта жауып толассыз жауынға байланысты көшкін жүру қаупі туындағандықтан, шамамен 140 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау туралы ұйғарым шығарды. Бұл жайлы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Симанэ солтүстігіндегі Идзумо қаласында 75 мм жуық жауын-шашын түскені атап өтілді.

Еске сала кетсек, 4 маусым күні Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында көшкін жүруі салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 29-ы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Көшкін ұзақтығы шамамен 2 шақырым жерді құрады, 130-дан астам үй мен құрылысқа шығын келтірілген.