ТАСС келтірген мәліметтерге сай, 44 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар Жапонияның азаматтық қорғаныс күштерінің көмегімен жексенбі күні таңда іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды.
Ел үкіметі премьер-министр Синдзо Абэнің басшылығымен табиғат апатына байланысты шұғыл отырыс өткізді. «Көптеген адамдардың қауіпсіздігі қыл үстінде тұр. Бар күшті адамдарды құтқару жолына салу керек», - деп атап өтті Абэ.
Айта кетейік, нөсер жаңбыр «Прапирун» тайфунының әсерінен туындаған болатын.