Мұндай мәліметті елдің Ұлттық полицей басқармасы жария етті, деп хабарлады РБК агенттігі. Бұдан бұрын жапон полициясы алты мыңнан астам адамның опат болғанын және хабарсыз кеткенін хабарлаған болатын.
Жапонияда 2011 жылғы 11 наурызда бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең күштісінің тербелісі 9 баллды құрады. Бұл Жапониядағы ХІХ ғасырдан бергі ең қуатты зілзала болып отыр.