Жапонияның білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елдегі мұндай оқушылар саны 11 жыл қатарынан көбейіп келеді, тарихи рекорд орнатты.
Оқушылардың мектепке бармауына ең жиі кездесетін себеп — «мотивацияның болмауы», екінші орында — «қорқыныш пен депрессия».
Жапон білім министрлігінің талдауынша, ата-аналардың көбісі балаларын мектепке баруға мәжбүрлемейтіндігі және мектеп тарапынан ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қолдау көрсету жеткіліксіздігі бұл көрсеткіштің өсуіне басты себеп болып отыр.
Сонымен қатар, 2023 жылы бұл елде оқушылар арасындағы қорлау оқиғаларының саны шамамен 733 000-ды құрады.