Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде күйік шалған үш адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бірі ауыр халде. Қазіргі уақытта өртті жою әрекеттері жалғасуда. Зауыт ғимаратынан мезгіл-мезгіл отшашулардың атылған дыбысы естіледі, өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындарды оқиға болған жерге жақындамауға шақырды.
09:33, 05 Қазан 2021
Жапонияда отшашулар шығаратын зауыт өртеніп жатыр
ТОКИО. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Жапонияның Отару қаласында (Хоккайда префектурасыың солтүстігі) отшашулар шығаратын зауытта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.