Аспапта ойнар алдында адам арнайы көзілдірік киюі керек. Ол сезімтал датчиктердің көмегімен көздің қозғалысын бақылайды. Ойнап отырған адам алдында нотаны емес, тұтас аккордты білдіретін пернелерді көреді. Дыбыс шығу үшін оларға алма-кезек қарауы керек. Мұндай әдіспен әзірге тек аккордтарды ойнауға болады. Ал белгілі біл мелодияны орындай алмайды. Цукуба университетінде олардың бұл жаңалығы музыкалық аспапта ойнау мүмкіндігі болмағандарға, мысалы мүгедектеге қолайлы болуы мүмкін. Мамандар алдағы уақытта осы сияқты жүйені басқа аспаптар үшін (мысалы, гитара) жасап көретінін хабарлады.
01:23, 24 Желтоқсан 2014
Жапонияда оймен ойнауға болатын фортепиано жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Цукуба университеті мамандары фортепиано пернелерін баспай-ақ ойнауға болатын ерекше жүйе жасады. Бұл туралы жапондық БАҚ хабарлады.