Сайлау участкелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылды. Алдын ала жүргізілген сауалнамалар бойынша, премьер-министр Синдзо Абэ жетекшілік ететін, елдегі билеуші партия - Либералды-демократиялық партияның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.
Парламенттің жоғары палатасындағы 242 депутат 6 жыл мерзімге сайланады, алайда әр үш жыл сайын олардың жартысы қайта сайланып отырады. Қазір билеуші блокта даусыз статусына ие 76 мандат болса, оппозицияда дәл осындай 45 орын бар.