Жапонияда саусақ таңбаларын қашықтан түсіретін прибор ойлап табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық полицейлік басқару ғылыми-зерттеу институты мен Васэда университетінің ғалымдары саусақ таңбалары бейнесін қашықтан алуға мүмкіндік беретін прибор жасап шығарды.

«Сот гиперспектральді проекторы» деген атауға ие болған прибор қашықтан кез келген заттан адам саусағының іздерін есептеп шығара алады, деп хабарлады РИА Новости. Прибор жасыл түсті лазер сәулесін затқа бағыттайды және онда қалған саусақтар мен алақан таңбаларындағы майлар мен белоктардың ұсақ іздерінің бейнесін жасап шығарады. Аппаратта бейнені алуға бір минут қана уақыт кетеді.

Сонымен бірге, оның көмегімен саусақтар мен алақан жұмылса да таңбаның анық бейнесін алуға болады. Осы кезге дейін мұндай жайтқа сот медициналық сарапшыларды қол жеткізе алмаған болатын. Проектордағы «көпқабатты» таңбаның дәлдігі 70 пайыздан асады.

Аппаратты жасауға Жерді қашықтан зондтауда қолданылатын ғарыштық технология пайдаланылды.

Ғалымдар енді екі жылдың ішінде прибор криминалистикада кеңінен қолданылады деп санайды. Приборды қылмыс жасалған жерде қолдану қысқа мерзімде интернет арқылы түсірілімді мәліметтер базасына енгізуге және оны полицияның қолында бар таңбалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Болашақта заттағы саусақтар таңбасы ғана емес, жасуша туралы болмашы ақпараттың өзін ДНК талдамасы үшін де қолдануға болады.