Жол апаты, тау ішіндегі жолда орын алған. Автобуста 41 адам, оның екеуі көлік жүргізушісі болған. Болжам бойынша, автобус Каруидзава курортына жақындап қалған тұста жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 3 метр биіктен аударылған.
Апат таңға жуық болғаны, алайда ол кезде жол тайғақ болмағаны хабарланды.
Жапонияда соңғы жылдары бірқатар жол-көлік апаты жүргізушінің қалғып кетуінен болған.
09:28, 15 Қаңтар 2016
Жапонияда саяхатшылар автобусы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Токиодан Нагано префектурасындағы демалыс аймағына бара жатқан саяхатшылар автобусы жол-көлік апатына ұшырап, 14 адам қаза тапты, тағы 27 адам жараланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.