Жапонияда Синмоэ жанартауы қайта белсенділігін арттырды
05:26, 11 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Синмоэ жанартауы жексенбіге қараған түні қайта оянып, 3 шақырым биіктікке дейін күл шашты, деп хабарлайды Анадолы.
Japan News ақпаратына сәйкес, Жапонияның метеорологиялық агенттігі жанартау таңсәріде белсенділігін арттырғанын және кратер маңында ұсақ жанартау тастарының түсу қаупі бар екенін ескертті.
Синмоэ жанартауы маусымның 27-сінен бері арасында үзіліс жасап, белсенділік танытып келеді.
Айта кетейік, Жапония «Тынық мұхиты отты белдеуі» деп аталатын жоғары сейсмикалық және жанартаулық аймақта орналасқан. Ел аумағында 100-ден астам белсенді жанартау бар.
Бұдан бұрын Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылағанын жазғанбыз.