Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының полиция өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, тағы 43 адамның тағдыры беймәлім. Қазіргі уақытта Хиросима ауданында шамамен 3 мың құтқарушы іздеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына өз қолғабыстарын тигізуде.
Су тасқыны салдарынан осы ауданда тұратын шамамен 100 мың адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.