Көрермендердің болмағанына қарамастан, елдің қоғамдық телеарнасы тікелей эфирден жарыстың трансляциясын жүргізді. Жапонияның Сумо федерациясы егер спортшылардың біреуі коронавируспен ауырса, онда көктемгі турнир бірден тоқтатылатынын атап өтті. Жергілікті тұрғын қызығушылығы жоғары аталмыш жарыс наурыздың 8-інен 22-сіне дейін жалғасады.
Сумо – Жапониядағы ең танымал спорт түрі. Тунирге мыңдаған көрермен жиналады. Турнирдің соңғы күнінде екі ёкодзунның (сумо балуанының ең жоғарғы дәрежесі) жекпе-жегінде ине шаншар орын болмайды.
Қазіргі уақытта Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 1 150 адамнан асты, 14-і көз жұмды. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі (696 адам) - Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.