Жапонияда тағы да қуатты жел сілкінісі болды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Жапония жағалауында тағы бір қуатты жер сілкінісі болды. Магнитудасы 6,5 болатын жерасты дүмпулері Хонсю аралындағы Иватэ превектурасындағы Мориоко қаласынан 105 шақырым жерде тіркелді.

Цунами туралы ескерту жасалды деп, жергілікті NHK телеарнасына сілтеме жасаған РБК хабарлады. Хабарламаға сәйкес, толқын Жапнияның солтүстігін басып қалу қаупін туғызды.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы 54,1 шақырым тереңдікте болды.

Кейін цунами туралы болжам алынып тасталды, өйткені сейсмологтардың ақпараты бойынша толқынның биіктігі ең көп дегенде 50 сантиметрді құрайтын еді.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа жерасты дүмпулері салдарынан қаза тапқандар мен бұзылулар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісі апатты «Фукусима» АЭС-інен 161 шақырым жерде орын алды.