Құтқару штабындағылар қаза тапқандар қатары артуы мүмкін дегенді айтады, іздеу жасақтары таулы жерлердегі барлық зардап шеккен аудандарға жете қойған жоқ.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, елде жол-көлік инфрақұрылымы түгелдей істен шықты, әуежайлар мен теміржол қатынасы жабылды. Әсіресе Вакаяма және Нара префектуралары едәуір зардап шекті. Елдің бүкіл оңтүстігінде өзендер арнасынан асты.
Бүгінде дауыл сағатына 20 шақырымдық жылдамдықпен РФ-ның Приморье өлкесіне қарай бет алды, онда аймақ тұрғындарына ескерту жасалған.