Жердегі операцияға өрт жасақтары, полиция және жергілікті тұрғындардың еріктілері қатысады, деп хабарлады ақпарат агенттігі. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өрттен 72 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Бірнеше үй өртенді. Кем дегенде 40 га орман толығымен жойылды.
Kyodo мәліметі бойынша жалын құрғақ шөпті жайлап, тез таралуда. Басқа префектуралардан апат аймағына қосымша өрт тікұшақтары жіберіліп жатыр.