Жапонияда тайфун салдарынан 7 мыңға жуық адам көшіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Лайонрок' тайфунының жақындап қалуына байланысты Жапонияның солтүстік-батысындағы 7 мыңға жуық халық қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс, деп жазды Белта агенттігі.

Табиғи апаттың кесірінен Аомори префектурасындағы 2170 үйде тұратын 5070 адамға қауіп төніп тұр және Мияги 1887 адамды көшіру міндеті тұр.

Қатты жел (35-50 метр/секунд), теңіз дауылы және жаңбырмен сипатталатын "Лайонрок" тайфуны Хоккайдо аралындағы әуе қатынасы мен темір жол көлігі жұмыстарын бұзып үлгерді. Аралды Жапонияның басқа бөлігімен жалғап тұрған 100 әуе рейсі тоқтатылып, ондаған жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтады.