Агенттіктіңмәліметінше, оңтүстік-батыстан Жапония жағалауына жеткен тайфунның кесірінен Сикоку және Кюсюаралдарындағы 280 мың тұрғын үйге субасу және көшкін жүру қаупі төніп тұр.
NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, бейсенбі күні батыс Жапонияға аттанатын 700-гежуық әуе рейстерінің, кейбір бағыттарда жүретін пойыздардың қозғалысына шектеуқойылды.
«Кроса»тайфунының салдарынан нөсер жауын жауып, жылдамдығы секундына 45 метрге жететін дауыл соқты, сондай-ақ теңізде биіктолқындар пайда болды. Метеорологтардың мәліметінше, кейбір аудандарда 100миллиметрге дейін нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.