Жапонияда тайфунға байланысты 66 әуе рейсі кейінге қалдырылды

АСТАНА.  Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат -  Жапондық  авиакомпаниялар        жалпы есеппен    66 әуе  рейсін кейінге қалдырды.  Оған  Тынық мұхитында жылдың басынан бері   пайда  болған   сегізінші   тропикалық      циклон -   «Моракот»  тайфунының жақындауы себеп болып  отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат   «Маяк» радиостансасына  сілтеме  жасап.

Қатты дауылдың салдарынан    жергілікті  әуежайлардың  жұмысы  қиындап отыр.  Қазір  тайфун шамамен  Ириомотэ  аралының  оңтүстігінде 100   шақырымдай  жерде,   ол батысқа қарай    жылжып барады.      Тайфунның   өзегіндегі    желдің  жылдамдығы    сағатына 216 шақырымға жетуде.