Жапония билігі Айти префектурасы әкімшілік орталығының 1,1 млн. тұрғынына өз үйлерінен кету жөнінде кеңес береді. 80 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшу жөнінде айрықша тапсырма алды.
Қазіргі уақытта «Роке» тайфунының эпицентрі Танегасима оңтүстік аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 190 шақырым жерде орналасқан. Ол солтүстік-шығысқа қарай сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Болжам бойынша, табиғи апат Жапония жағасына сәрсенбі күні түнгі сағат 2 шамасында жетеді.
«Айти провинциясында жаңбыр толастамай, соның салдарынан өзендер арнасынан асып жатыр. Мен халықты толассыз жаңбыр, жойқын жел мен биік толқынардың салдарынан қандайда бір қауіпке дайын жүрулерін өтінемін», - деді Жапония метеорологиялық агенттігінің ресми өкілі.