Бұл туралы жапониялық Kyodo агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК агенттігі хабарлайды.
Жақында апатты жағдайдағы кәсіпорынның үшінші реакторына зақым келгендігі анықталды. «Фукусима-1» АЭС-ның жағдайы өте қиын әрі қауіпті жағдайда қалып отыр. Біз сақтықта отыруымыз керек, жағдай жақсарды деп айтуға негіз жоқ», деп мәлім етті Жапонияның Премьер-Министрі Наото Кан.
24 наурыз күні стансының 17 жұмысшысы зардап шегіп, олардың арасындағы екі адам ауруханаға жеткізілген болатын. Қызметкерлердің киімінен өтіп кеткен судағы радиоактивті түстің деңгейі қалыпты жағдайдан 10 мың есе асып түскен.
Билік тұрғындарды стансы маңынан 30 шақырым жерге дейін алысқа кетуін сұраған.