Жапонияда тербелісі 5,9 баллдық зілзала болды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, қыркүйектің 29-ында таңертең Жапонияда тербелісі 5,9 баллдық зілзала болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Американдық сейсмологтардың деректері бойынша, жерасты дүмпуінің кіндігі Наха қаласының (Окинава аралы) солтүстігінде 199 шақырым қашықтықтағы Рюкю аралының маңында орын алған.

Зардап шеккендер мен қирағандар туралы дерек жоқ. Цунами туындау қаупі болған жоқ.