Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.26-да (мәскеу уақытымен 17.26) тіркелген. Зілзала кіндігі Кюсю аралында орналасқан Кагосима қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде 161,5 шақырымдық тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен келтірілген шығындар туралы хабарланған жоқ.