"Жапондық парламенттің бір топ депутаттары, тағы қатты жер сілкінісі бола қалған жағдайда, елорда міндетін Токиодан дереу көшіру үшін ең жоқ дегенде екі қосымша алаң құру туралы ұсыныс жасады", - деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Парламентшілер қазір ағымдағы жылдан бастап осындай екі әкімшілік қаланың құрылысына кірісуге мүмкіндік беретін заң жобаларын әзірлеуде.
Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда болған 9 балдық зілзаланың салдарынан Токиода көлік қозғалысы уақытша тоқырап, телефон байланысы үзілген болатын. Жер сілкінісінің кіндігі Токиодан 300 шақырымнан астам қашықтықта болғанына қарамастан, елордада сондай-ақ жарық сөніп, тұтынушылық тауарлардың жеткізілімі де кідірген еді.